Bauknecht KGNF 18 A3+CONNECT Guide d'utilisation et d'entretien Page 32

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 49
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 31
32
ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Тоңазытқыш - дайын тамақ, балғын және
консервіленген тағамды, сүт тағамдарын,
жеміс және көкөністер мен сусындарды
сақтау үшін ыңғайлы орын.
АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ
Ауаның тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі табиғи
циркуляциясы түрлі температуралы
аймақтардың түзілуін тудырады. Жеміс және
көкөніс сақтау бөлімінің үстінде және артқы
қабырға аймағы аса суық. Бөлімнің жоғарғы
алдыңғы жағы аса жылы.
Желдетудің жеткіліксіздігі қуат
тұтынылуының артуына және тоңазытқыш
өнімділігінің азаюына әкеледі.
Ауа саңылауларын тамақпен немесе басқа
нәрселермен жаппаңыз - олар дұрыс ауа
айналымын және тағамды сақтауға
болатындай етіп оңтайландырылған.
ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ
ЖАС ТАҒАМДЫ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ
САҚТАУ ЖОЛЫ
› Қайта өңделе алатын пластик, металл,
алюминий және әйнек контейнерлерді,
сондай-ақ, тағамды орау үшін ас пленкасын
пайдаланыңыз.
› Сұйықтықтар және иісті шығаруы не сіңіруі
мүмкін тағамдар үшін әрқашан жабық
контейнерлерді пайдаланыңыз немесе бетін
жабыңыз.
Этилен газының үлкен мөлшерін беретін
және осы газға сезімтал жеміс, көкөністер
және салад сияқты тағамдар сақтау мерзімін
қысқартпау мақсатында бөлек оралып
сақталуы керек; мысалы, қызанақтарды киви
жемісімен және орамжапырақпен бірге
сақтамаңыз.
› Жеткілікті ауа айналымын қамтамасыз ету
үшін тағамды бір-біріне жақын сақтамаңыз.
› Бөтелкелердің құлауына жол бермес үшін,
бөтелке ұстатқышты пайдалана аласыз.
› Егер тоңазытқышта сақталатын тамақтың
мөлшері аз болса, жеміс және көкөністерді
сақтау бөлімінің үстіндегі сөренің
пайдалануын ұсынамыз, себебі бұл -
бөлімдегі ең суық аймақ.
› Ауа саңылауларын тамақпен жауып
тастамаңыз.
ЖАС ТАҒАМДЫ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ
САҚТАУ ОРНЫ
› Тоңазытқыш текшелерінде: дайын тамақ,
тропикалық жемістер, ірімшіктер, деликатес.
› Ең салқын аймағында (жемістер мен
көкөністер ыдысының үстіндегі): ет, балық, ет
тілімдері, торт
Жемістер мен көкөністер сақталатын
ыдыста: жемістер, салат,
көкөністер.
› Есікте: нан, тосап, қатық, тұздық,
консервілер, бөтелкелер, сусындар, жұмыртқа.
Vue de la page 31
1 2 ... 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 ... 48 49

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire